Пожалуйста помогите с Каз.яз.Очень сложно мне он дается ну сдавать нужно.
Кіріспе сөз.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі
мемлекеттік тіл мәртебесін 1989 жылы 22-ші қыркүйекте алды. Ал 1997
жылы 11-ші шілдеде жаңа Заң өңделіп, толықтырылып қабылданды. Жаңа
Заң 6 тараудан тұрады. Әр тарауда бірнеше бап бар.
І тарауда Жалпы ережелер берілген.
Осы тараудың 4-ші бабында: ҚР-ның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. делінген
Мемлекеттік тіл – мемлекетті басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс
қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақ тілін меңгеру – Қазақстанда тұратын әр азаматтың парызы. ҚР-ның
барлық азаматтары қазақ тілін барынша дамытуға, оның халықаралық
беделін нығайтуға, мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруге жағдай
жасауға міндетті.
5-ші бапта: мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару
органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
6-шы бапта: ҚР-ның әр азаматы өз ана тілінде қарым-қатынас жасауға, білім
алуға құқығы бар.
7-ші бап: тілдердің қолданылуына кедергі келтіретін адам ҚР-ның заңдарына
сәйкес жауапқа тартылады.
Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады. Бұл топқа 30 шақты тілдер кіреді.
Олар: қазақ, қырғыз, түркімен, өзбек,әзірбайжан, чуваш, хакас, башқұрт,
қарақалпақ, татар, якут, тува, алтай, құмық, түрік, қарашай-балқар, ұйғыр,
гагауыз және т.б.
Қазақ тілі – бұрынғы Кеңес Одағында, кейбір тәуелсіз республикаларда,
Ресей құрамындағы республикаларда, шетел Түркия, Ауғанстан, Иран,
Қытай, Монғолия, АҚШ-та, Франция, Германия және т.б. жерлерде тұратын
қазақтардың ана тілі
Қазақ тілін жақсы білген адам басқа да түркі тілдерін түсіне алады, өйткені
олар өзара ұқсас туыс тілдер.
Кіріспе сөз бойынша жаңа сөздерді таныстыру
заң қадылданды принят закон
тарау глава
бап статья
ереже 1. правило, 2. положение
жалпы ережелер общие положения
сот ісін жүргізу судопроизводство
заң шығарушы законодатель
азаматтың парызы долг граждпнина
іс қағаздарын жүргізу делопроизводство
барынша дамыту всемерно развивать
беделін нығайту укрепить авторитет
еркін меңгеру свободно владеть
жағдай жасау создать условия
міндетті түрде в обязаттельном порядке
мемлекеттік ұйымдар государственные учреждения
тең қолдану применять одинаково, равно
құқық право
кедергі келтіру вредить, ущемлять
заңға сәйкес соответственно закону
жауапқа тарту привлечь к ответственности
Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс.
Тіл –қатынас құралы
Тіл – адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық
өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.
Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.
Халқымыздың өткен тарихы, әдет-ғұрыптары, сал-дәстүрлері бізге тіл
арқылы жетіп, ұрпақтан-ұрпаққа тарайды.
Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. «Өнер алды –
қызыл тіл» деген осыдан шыққан болар.
Қоғам жоқ жерже тіл болмайды, сондықтан тіл – қоғамдық құбылыс.
Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Халықтың тарихта қалуы
тікелей тіліне байланысты.
Дәлірек айтқанда, тіл – халықтың жаны, сәні, кескін-келбеті.



Тапсырмалар:
1.Мәтінді оқы. Мазмұнда.Сұрақтар құрастыр.
2. Қазақ тілінде шығатын газет, журналдардың, теле-радио хабарлардың
атауларын жазу.
3. Берілген жоспарлар арқылы шағын әңгіме құрастыр.
а)Тіл – қатынас құралы, қоғамдық құбылыс.
ә)Әр халықтың өз ана тілі бар.
б)Ана тілі – бай тіл.
4.Тақырып бойынша сұрақтарға жауап бер.
«Тіл» деген сөздің қандай мағыналары бар?
Сенің ана тілің қай тіл?
Қазақ тілі қандай тіл?
Мектебінде қандай тіл пәндері жүрді?
Ана тіліңде еркін сөйлей аласың ба?
Ана тіліңді кімнен үйрендің?
5. Оқы, орыс тіліне аудар.Қалай түсінесің?
Өз тіліңді қадір тұтпай тұрып,
Ел-жұртыңды сүйе алмайсың.
(К.Паустовский)

Не нашёл ответ?

Если тебя не устраивает ответ или его нет, то попробуй воспользоваться поиском на сайте и найти похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Найти другие ответы

Загрузить картинку

Внимание, только СЕГОДНЯ!

Самые новые вопросы